Әуезов ауданының әкімі тұрғындардың өзекті мәселелерін жеке қабылдауда қарады

    1 / 6

    Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді.

    Қабылдау барысында тұрғындар аумақтарды абаттандыру, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың пікірін ескере отырып автотұрақ орындарын ұйымдастыру және шағын сәулет нысандарын орналастыру мәселелерін көтерді.

    Сонымен қатар жер қатынастары, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғын үйлерге кедергісіз кіруді қамтамасыз ету және коммерциялық нысандардың қызметіне қатысты өтініштер қаралды.

    Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінішін жеке тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берді. Жауапты бөлімдерге өтініштерді жан-жақты зерделеп, қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылдау тапсырылды. Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

    Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға, олардың ұсыныстарын ескеруге және ауданның өзекті мәселелерін жүйелі түрде қарастыруға мүмкіндік береді.

    Аудан әкімінің жеке қабылдауына «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беру, Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайындағы Әуезов ауданы әкімі аппаратына жүгіну немесе 8 (727) 391-23-82 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жазылуға болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары