Әуезов ауданында Ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы өтті

    1 / 6

    2026 жылғы 18 қарашада Әуезов аудандық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи циклдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.

    Отырысқа қатысушылар Жолдауда айқындалған ел дамуының стратегиялық басымдықтарына тоқталып, бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру, заманауи инфрақұрылымды дамыту, цифрландыруды ілгерілету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелерін қарастырды.

    Ардагерлер Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға қолдау білдіріп, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуға, сондай-ақ жас ұрпақпен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.

    Сонымен қатар, төралқаның кеңейтілген отырысында Қарттар айлығы аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, аудан тұрғындарының Алматы қалалық мәслихаты депутаттарын сайлауға қатысу мәселелері талқыланды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары