Әуезов ауданы әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Әуезов ауданы — Алматы қаласының батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі. Аудан 1972 жылдың наурыз айында құрылып, белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің құрметіне аталған.

    Аудан шекарасы: Райымбек батыр даңғылы - Қарғалы өзені - Үлкен Алматы өзені. Оңтүстік жағы Бостандық ауданымен шектеседі.
    Аудан аумағы 2,35 мың га құрайды, ал халық саны 358 мың адамнан асады.

    Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімі аппараты аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Әуезов ауданында жалпыаудандық сенбілік өтеді

    Әуезов ауданында жалпыаудандық сенбілік өтеді 29 тамыз күні Әуезов ауданында аумақтарды санитарлық тазалау және абаттандыруға бағытталған жалпыаудандық сенбілік өтеді. Сенбілік барысында аумақты қоқыстан тазарту, жинау және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Іс-шараға аудан тұрғындары, еріктілер және белсенді жастар қатыса алады. Күні: 29 тамыз 2026 жыл Басталуы: 09:00 Жиналу орны: Шымболатов көшесі Әуезов ауданының тұрғындары мен қонақтарын сенбілікке қатысып, ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырамыз.

    28 тамыз 2026 ж.Тікелей
    улица Чимбулатова
    ОтырысАяқталды

    «Күмбірле, қоңыр домбыра!» атты аудандық мерекелік концерттік іс-шараға шақырамыз

    Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, қоңыр домбыра!» атты аудандық мерекелік концерттік іс-шараға шақырамыз. 🎶 Ұлттық өнердің әуенімен сусындап, мерекелік концертті тамашалап, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын ерекше күннің куәсі болыңыздар! 📅 Күні: 2026 жылғы 4 шілде 🕙 Уақыты: сағат 10:00 📍 Өтетін орны: «Family Park» отбасылық саябағы, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ұлықбек көшесі, 57А.

    4 шілде 2026 ж.Тікелей
    Семейный парк «Family Park», г. Алматы, Ауэзовский район, ул. Улугбека, 57А.
    ОтырысАяқталды

    Әуезов ауданында ауқымды сенбілік өтеді

    Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау мен эколог күніне орай аудандық сенбілікке қатысуға шақырамыз. 📅 06.06.2026 🕘 Басталуы: 09:00 📍 Өтетін орны: Қарғалы өзенінің бойы, Жандосов көшесінен Абай даңғылына дейінгі аумақ. Табиғатты бірге аялап, бірге көркейтейік!

    6 маусым 2026 ж.Тікелей
    вдоль реки Каргалы на участке от ул. Жандосова до пр. Абая.
    ОтырысАяқталды

    Әуезов ауданында «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік аудандық концерттік іс-шара өтеді

    Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар мен балалар! 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Әуезов ауданында «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік аудандық концерттік іс-шара өтеді. Өтетін күні: 1 маусым 2026 жыл Уақыты: 10:00 – 14:00 Өтетін орны: «Family Park» демалыс саябағы (Ұлықбек көшесі, 57А) Бағдарламаға сәйкес: 10:00 – «Family Park» кіреберісінде (Абай–Сарыарқа метро жағы) ертегі кейіпкерлері мен бойшаң қуыршақтар қатысуымен флешмоб 10:30 – ертегі кейіпкерлерінің мерекелік шеруі 11.00 - балалар мен жасөспірімдерге арналған Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының «Алақай! Демалыс! Театр!» атты театрландырылған қойылымы 11:40 – аудандық мерекелік концерт (шығармашылық ұжымдардың қатысуымен) 12.00 – Сарыарқа скверінде шеберлік сағаттары мен спорттық ойындар Іс-шара аясында театрландырылған қойылымдар, аниматорлар, флешмобтар, сурет байқаулары, қыш өнері бойынша шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар және балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылады. Сіздерді балаларға арналған жарқын мерекеге қатысуға шақырамыз!

    1 маусым 2026 ж.Тікелей
    Парк «Family Park» (ул. Улугбека, 57А)
    ОтырысАяқталды

    Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау мәселелері бойынша мобильді топтың кеңесі өткізілді

    Бүгін өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау мәселелері бойынша мобильді топтың кеңесі өткізілді. Кеңес барысында әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік жобалардың, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің, ювеналдық полицияның жұмысын жандандыру, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қаралды. Отбасы институтын қорғау, балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ қолдауды қажет ететін отбасыларға уақтылы көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмысты одан әрі күшейтуге және өзекті мәселелерді жедел шешуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берілді.

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Заң мен әділдік» іс-шарасы өтеді.

    Әуезов ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, 2026 жылғы 14 мамырда «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Заң мен әділдік» іс-шарасын өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараның мақсаты – әрбір азаматқа, әсіресе әлеуметтік осал топтарға заң көмегін қолжетімді ету, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Осыған байланысты, аудан тұрғындарын Әуезов ауданы мен Алматы қаласының прокуратура және полиция қызметкерлерінен, адвокаттар мен заңгерлерден тегін заңгерлік кеңес алуға шақырамыз.

    14 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ТРЦ «MOSKVA Metropolitan», ТРЦ «MOSKVA», Ауэзовский район, 8-й микрорайон, 37/1 https://2gis.kz/almaty/geo/70000001024389555

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қайырлы күн! Біздің жекеменшік жерде ұзын ағаштар өсіп тұр. Біз соларды кесіп алғымыз келіп жатыр. Менің сұрағым: Акимат ағаш кесетін қызмет көрсетеді ме екен және оның кұны бар ме екен? Әуезов ауданында орналасқанбыз.

    Жауап

    Сәлеметсіз бе! Әуезов ауданы әкімінің сайтына келіп түскен ағаштарды кесу сұрағы бойынша, келесіні хабарлаймыз. Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы Ережесінің 2 параграф ағаштарды кесу (қайта отырғызу), санитарлық кесу 31 т. ағаштарды кесу (қайта отырғызу) кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілдік хат ұсынылған жағдайда, рұқсаттар туралы заңға сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. 3 параграф. Ағаштарды өтемдік отырғызу жүргізу тәртібі 35 т. уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу бес есе көлемде жүргізіледі. Сізге, ағаш кесуге рұқсат алу үшін Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасына өтініш беруіңіз қажет.

    Шешім

    Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 1 «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды:
    Ереже

    Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    Әуезов ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 192/к-ө өкімімен бекітілген Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы ЕРЕЖЕ Жалпы ережелер Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім)«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, кодекстар мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтык актілер мен осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді. Бөлім: 1) басшы; 2) бас инспектор; 3) бас маманнан тұрады. Міндеттер мен функциялары Міндеті: Құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу жөніндегі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиялардың жоспарларының, мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық штабтың жоспарларының орындалуын үйлестіру, алқа билер бойынша жоспарлардың орындалуын үйлестіру, қоғамдық медиаторлар туралы тізілімді жүргізу, тиісті органдарда нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу және талдау, жалпы құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру. Бөлімнің негізгі функциялары: Құқық қорғау органдарының, мекемелер және ұйымдармен бөлім қызметінің мәселесі бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Әуезов ауданы аппаратының және әкімінің мүддесін қорғау мақсатында сот отырыстарына қатысу; Әуезов ауданы әкімінің қабылдайтын шешімдері мен өкімдерін келісу; бөлімге келіп түскен азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; қоғамдық медиаторлар туралы тізілімді жүргізу; Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің және аудан әкімі аппаратының басшысы белгілеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Құқықтары мен міндеттері Бөлім «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты туралы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде: бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша, аудан әкімі өткізетін мәжілістерге, құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға; заңнамамен белгіленген тәртібі бойынша бөлімнің қызметіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік органдардан және ұйымдардан қажетті ақпарат және материалдарды сұратып алуға; Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің белгіленген тәртіп бойынша сотқа талап арызымен жүгіну; бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге; бөлім қызметкерлеріне тиісті еңбек жағдайын жасауға және біліктілігін көтеруді қамтамасыз етуге құқылы; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру. Жауапкершілігі Осы Ережеге сәйкес бөлімге жүктелген міндеттердің, функциялардың және құқықтардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілік бөлім басшысына жүктеледі. Бөлім қызметкерлеріне жүктелген міндеттерінің орындалуы және лауазымдык нұсқаулықпен жүктелген міндеттерды орындамағаны және /немесе тиесінші орындамағаны үшін, өздеріне жүктелген міндеттерді уақтылы орындамау, қызметтік міндеттерін атқару барысында құпия немесе қызметтік мәндегі ақпараттарды жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес дербес жауапкершілікте болады. Бөлім қызметкерлері қылмыстар және құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған негіздерге және тәртіпке сәйкес қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапкершілікке тартылады. Бөлімнің басқа да құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасауы Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты бөлімдерінің қалалық мекемелердің аумақтық бөлімшелерімен және басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауы, ұйымдастыру-нұсқау беру сипатындағы құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Ереже

    Әуезов ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

    Бекітілген Әуезов ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 192/к-ө өкімі Әуезов ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, кодекстар мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтык актілер мен осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес бекітеді. Бөлім: 1) басшыдан; 2) бас инспектордан; 3) бас маманнан; 4) бас маманнан тұрады. Міндеттері мен функциялары Міндеттері: аппараттың кадр жұмысының жүйесін қалыптастырады, құжаттандырудың бірыңғай тәртібінің болуын, құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, ақпараттық-іздестіру жүйелерін жасайды және жүргізеді. Құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды, әкім аппараты бөлімдерінің атқарушылық тәртібінің сақталуы бойынша тұрақты талдау жасалуын қамтамасыз етеді. Функциялары: 1) мемлекеттік органның кадрға, сонымен бірге мамандықтар мен біліктілік бойынша да кадрға деген қажеттілігін талдайды және жоспарлайды; 2) кадрлық құрамды қалыптастырады және конкурстық іріктеуді ұйымдастырады; 3) кадрлар бойынша мониторинг жасайды және кадрлардың ісін жүргізеді, сонымен бірге «е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы да кадрлардың ісін жүргізеді; 4) құжаттарды алғашқы өңдеуді, алдын ала қарауды, тіркеуді, есебін жүргізуді, сақтауды, жеткізуді, жіберуді жүзеге асырады; 5) мекеме басшысының кіріс құжаттарын уақтылы қарауын ұйымдастырады; 6) құжаттардың белгіленген мерзімдерде орындалуын, хаттардың ресімделуін (электрондық құжаттың міндетті реквизиттерінің болуы), пошта бөлімшесі арқылы хаттардың жөнелтілуін бақылауды жүзеге асырады, аудан әкіміне құжаттардың орындалуы туралы жүйелі хабарлайды; 7) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) ашылған кілтін пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаның шынайылығын тексеру рәсімін жүргізеді; 8) электрондық тіркеуге арналған бақылау карточкасын пайдалана отырып, электрондық құжатайналымының бірыңғай жүйесіндегі (ЭҚАБЖ) құжаттардың орындалуының есебін жүргізуді, бақылауды жүзеге асырады; 9) «қызметтік пайдалану үшін» белгісі соғылған құжаттар бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады; 10) мекеменің істерінің номенклатурасын, істердің үлгілік номенклатурасын әзірлейді, істердің сақталуын және олардың пайдаланылуын ведомствалық архивке белгіленген тәртіпке сәйкес тапсырылғанға дейін қамтамасыз етеді; 11) құжаттармен жұмыстың түрлерін, әдістерін жетілдіру, атқарушылық тәртіпті жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлейді; 12) әкім аппаратының бөлімдері мен қызметтеріне іс жүргізуді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 630 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандырудың, құжаттаманы басқарудың және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдаланудың қағидаларын» пайдалану, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша әдістемелік, консультациялық көмек көрсетеді; 13) аудан әкіміне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша талдау анықтамаларын, ақпараттарды ұсынады; Міндеті: кеңестердің, мәжілістердің және басқа да іс-шаралардың хаттамалық-ұйымдастырушылық жағынан қаматамасыз етілуін жүзеге асыру, сайлау өткізу кезінде аудандық сайлау комиссиясының жұмыстарының ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Функциялары: 1) қала әкімінің, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының, бақылау құжаттарының орындалуын қамтамасыз етеді; 2) Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының аумақтық бөлімімен, аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен бірлесе отырып, әкімнің есептік кездесулеріне, аудан тұрғындарының жиындарына дайындалуды, өткізуді және ресімдеуді ұйымдастырады; 3) бөлімдер жүргізген жұмыстардың қорытындыларын және олардың тоқсандық, жартыжылдық, жылдық жоспарлары бойынша ақпараттарды жинақтауды жүзеге асырады; 4) бөлімнің, аудан әкімі аппараты ұжымының қала, аудан өткізетін ұйымдастыру-бұқаралық іс-шараларына қатысуын қамтамасыз етеді; 5) сайлауға дайындалу және өткізу кезінде сайлау комиссияларына жәрдемдесу; 6) заңмен белгіленген тәртіпте сайлау учаскелерінің үй-жайларын жарақтандыруға жәрдемдесу. Міндеті:мемлекеттік қызметтің атқарылуын қамтамасыз етеді, аппаратта корпоративтік мәдениетті қалыптастырады және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамытады. Функциялары: 1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделуді және тәлімгерлікті ұйымдастырады; 2) мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, оларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін көтеруді ұйымдастыру жолымен кәсіби дамуын қамтамасыз етеді; 3) кадр мәселесі бойынша конкурстық, аттестациялық, тәртіптік және басқа да комиссияларды ұйымдастырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді; 4) мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік қызметті атқару және тоқтату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметтік тексеру жүргізеді, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін, аттестациядан өтуін және оқытылуын бағалайды, сонымен бірге мемлекеттік қызмет персоналы бойынша деректердің (ақпараттық жүйенің) бірыңғай автоматтандырылған базасы арқылы да бағалайды; 5) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті атқаруына байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің жеке мәліметтерінің есебін жүргізеді, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды ұйымдастырады; 6) мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді, еңбек тәртібінің сақталуын және еңбек етуге жағдай жасалуын, сондай-ақ қызметкерлердің мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтауын қамтамасыз етеді; 7) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу тәртібін әзірлейді. Құқықтары мен міндеттері Құқық қорғау органдарынан және басқа да мемлекеттік органдардан, қала және аудандар әкімдері аппараттарының бөлімдерінен кадр мәселелері бойынша мәліметтерді, ақпараттарды, материалдарды және құжаттарды, жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлер туралы мәліметтерді, қызметкерлердің және олардың жұбайларының табыстары жөніндегі ақпараттарды сұратып алады; - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асырады; - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды; -бөлімдердің, ауданның қызметтері мен басқармаларының, кәсіпорындарының, ұйымдарының және мекемелерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауы бойынша орындаушылық тәртіпті бақылау жүйесінің жетілдірілуін, Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары мен қала әкімі өкімдерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексереді; - аудандық қызметтердің басшыларынан Алматы қаласы әкімінің, аудан әкімінің директивалық құжаттарын, тапсырмаларын орындауға қажетті ақпараттарды, мәліметтерді беруін талап етеді; - белгіленген ережерелерді бұза отырып, әзірленген құжаттарды түзетіп, өңдеу үшін қайтарады; - аудан әкімінің кеңестеріне, бөлімнің жүргізуіне жатқызылған мәселелер бойынша басқа да мемлекеттік органдар өткізетін кеңестерге және басқа да іс-шараларға қатысады; - бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізеді; - бөлімнің қызметкерлеріне тиісінше еңбек жағдайларының жасалуын және олардың біліктілігінің көтерілуін қамтамасыз етеді; - өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметтердің, бөлімшелердің, аудан әкімі аппаратының мамандарын қатыстырады; - бөлімге осы Ережемен жүктелген міндеттерді, функцияларды сапалы, уақтылы орындайды, құқықтарды пайдаланады. Жауапкершілігі Осы Ережеге сәйкес бөлімге жүктелген міндеттердің, функциялардың және құқықтардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілік бөлім басшысына жүктеледі. Бөлім қызметкерлеріне жүктелген міндеттерінің орындалуы және лауазымдык нұсқаулықпен жүктелген міндеттерды орындамағаны және /немесе тиесінші орындамағаны үшін, өздеріне жүктелген міндеттерді уақтылы орындамау, қызметтік міндеттерін атқару барысында құпия немесе қызметтік мәндегі ақпараттарды жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес дербес жауапкершілікте болады. Бөлім қызметкерлері қылмыстар және құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған негіздерге және тәртіпке сәйкес қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапкершілікке тартылады. Бөлімнің басқа да құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасауы Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты бөлімдерінің қалалық мекемелердің аумақтық бөлімшелерімен және басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауы, ұйымдастыру-нұсқау беру сипатындағы құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Ереже

    ЕРЕЖЕ Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімі

    Әуезов ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 192/к-ө өкімімен бекітілген ЕРЕЖЕ Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімі Жалпы ережелер Аудан әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша – бөлім) "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, кодекстар мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтык актілер мен осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді. Құрылым тұрады: 1) Басшы; 2) Бас инспектор; 3) Бас маман. Міндеттері мен функциялары Міндеті: жаяу жүргіншілер аймақтары мен учаскелерін, инженерлік және шаруашылықсыз желілерді (сумен жабдықтау және су бұру) абаттандыру бойынша ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және мониторинг жүргізу. Функциялар: 1) инженерлік желілер (сумен жабдықтау және су бұру) салуды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын жүргізуді үйлестіреді және мониторинг жүргізеді. 2) ақаулы актілерді дайындау. 3) бұдан әрі уәкілетті органдарға бере отырып, ауданның шаруашылықсыз желілерінің тізілімін қалыптастырады. 4) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтаудың, кәріздің, кәріз сорғы станцияларының, газбен жабдықтаудың тарату желілерін жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу; Міндеті: көше-жол желілерін, тротуарларды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және мониторинг жүргізу. Функциялар: 1) көше-жол желілерін, тротуарларды жөндеуді жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың жұмыстарын жүргізуді үйлестіреді және мониторинг жүргізеді; 2) жөндеу (құрылыс) жүргізуді талап ететін арық желілері мен өткелдерді тексеру бойынша жұмыс жүргізеді және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өтінімдерді жібереді. 3) орташа жөндеу (құрылыс) жүргізуді талап ететін көше-жол желілерін тексеру жөніндегі жұмысты жүргізеді және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өтінімдерді жібереді. 4) бойынша ұсыныстар енгізу: - жаяу жүргіншілер аймақтары мен учаскелерін абаттандыру бойынша ЖСҚ әзірлеу; - инженерлік және иесіз желілердің ЖСҚ әзірлеу (сумен жабдықтау және су бұру); - көше-жол желілерін, тротуарларды, арық желілерін және өткелдерді ағымдағы жөндеу бойынша; 5) аудан аумағында арық желілері мен жаңбыр қабылдайтын люктердің жай-күйіне мониторинг жүргізу; 6) мемлекеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді жасау, дайындау және ресімдеу, техникалық ерекшеліктер мен есептерді жасау; 7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік іс жүргізу кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; 8) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру; Құқықтары мен міндеттері Бөлім «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде: бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар өткізетін аудан әкімінің кеңестеріне, кеңестерге және басқа да іс-шараларға қатысу; бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу; тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру. бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті. Жауапкершілік Осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттердің, функциялардың және құқықтардың сапасы мен уақтылы орындалуына толық жауапкершілікті бөлім басшысы көтереді. Бөлім қызметкерлері өздеріне жүктелген лауазымдық нұсқаулықтың міндеттерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны, өздеріне жүктелген міндеттерді уақтылы орындамағаны, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия немесе қызметтік сипаттағы мәліметтерді жария еткені үшін дербес жауапты болады. Бөлім қызметкерлері қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауаптылықта болады. 5.Бөлімнің басқа да құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасауы Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлімдері, қалалық мекемелердің аумақтық бөлімшелері және өзге де бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл ұйымдастыру-өкімдік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Ереже

    ЕРЕЖЕ Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімі

    Әуезов ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 192/к-ө өкімімен бекітілген ЕРЕЖЕ Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімі Жалпы ережелер Аудан әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша – бөлім) "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, кодекстар мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтык актілер мен осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді. Құрылым тұрады: 1) Басшы; 2) Бас инспектор; 3) Бас маман. Міндеттері мен функциялары Міндеті: жаяу жүргіншілер аймақтары мен учаскелерін, инженерлік және шаруашылықсыз желілерді (сумен жабдықтау және су бұру) абаттандыру бойынша ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және мониторинг жүргізу. Функциялар: 1) инженерлік желілер (сумен жабдықтау және су бұру) салуды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын жүргізуді үйлестіреді және мониторинг жүргізеді. 2) ақаулы актілерді дайындау. 3) бұдан әрі уәкілетті органдарға бере отырып, ауданның шаруашылықсыз желілерінің тізілімін қалыптастырады. 4) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтаудың, кәріздің, кәріз сорғы станцияларының, газбен жабдықтаудың тарату желілерін жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу; Міндеті: көше-жол желілерін, тротуарларды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және мониторинг жүргізу. Функциялар: 1) көше-жол желілерін, тротуарларды жөндеуді жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың жұмыстарын жүргізуді үйлестіреді және мониторинг жүргізеді; 2) жөндеу (құрылыс) жүргізуді талап ететін арық желілері мен өткелдерді тексеру бойынша жұмыс жүргізеді және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өтінімдерді жібереді. 3) орташа жөндеу (құрылыс) жүргізуді талап ететін көше-жол желілерін тексеру жөніндегі жұмысты жүргізеді және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өтінімдерді жібереді. 4) бойынша ұсыныстар енгізу: - жаяу жүргіншілер аймақтары мен учаскелерін абаттандыру бойынша ЖСҚ әзірлеу; - инженерлік және иесіз желілердің ЖСҚ әзірлеу (сумен жабдықтау және су бұру); - көше-жол желілерін, тротуарларды, арық желілерін және өткелдерді ағымдағы жөндеу бойынша; 5) аудан аумағында арық желілері мен жаңбыр қабылдайтын люктердің жай-күйіне мониторинг жүргізу; 6) мемлекеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді жасау, дайындау және ресімдеу, техникалық ерекшеліктер мен есептерді жасау; 7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік іс жүргізу кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; 8) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру; Құқықтары мен міндеттері Бөлім «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде: бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар өткізетін аудан әкімінің кеңестеріне, кеңестерге және басқа да іс-шараларға қатысу; бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу; тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру. бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті. Жауапкершілік Осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттердің, функциялардың және құқықтардың сапасы мен уақтылы орындалуына толық жауапкершілікті бөлім басшысы көтереді. Бөлім қызметкерлері өздеріне жүктелген лауазымдық нұсқаулықтың міндеттерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны, өздеріне жүктелген міндеттерді уақтылы орындамағаны, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия немесе қызметтік сипаттағы мәліметтерді жария еткені үшін дербес жауапты болады. Бөлім қызметкерлері қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауаптылықта болады. 5.Бөлімнің басқа да құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасауы Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлімдері, қалалық мекемелердің аумақтық бөлімшелері және өзге де бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл ұйымдастыру-өкімдік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Ереже

    Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

    Әуезов ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 192/к-ө өкімімен бекітілген Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім)«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, кодекстар мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтык актілер мен осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді. Бөлім: 1) басшы; 2) бас инспектор 3) бас маманнан тұрады. Міндеттер мен функциялары Міндеті: ауданда ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді ұйымдастыру және өткізу. Функциялары: ұлттық идеологияны насихаттау шеңберінде мемлекеттік, кәсіптік және басқа да мерекелерді ұйымдастыру және өткізу; айтулы мереке күндері мен зиялы қауым өкілдерінің мерейтойларын ұйымдастыру және өткізу; мерекелік атрибуттар мен іс-шаралар өткізілетін жерлердің тулары бойынша қызметті үйлестіру; бұқаралық ақпарат құралдарын, кәсіпорындар, бөлімдер, қызметтер, ұйымдар мекемелерінің басшыларын тарта отырып, өз құзыреті шегінде ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, баспасөз конференцияларын, акциялар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; әлеуметтік-экономикалық бағытта ауданның дамуы мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан аудан тұрғындары мен қызметкерлері үшін аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын әзірлеу; бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде ауданның мәдени-бұқаралық іс-шараларына дайындау және қатысу, қала өткізетін мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысу; әлеуметтік желілерде өткізілген іс-шаралар туралы есептерді жариялау; Міндеті: ауданда тілдерді дамыту және ономастика саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша шараларды іске асыру. Функциялары: тіл саясатын, спорт пен туризмді насихаттау мақсатында ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, кездесулер, конкурстар ұйымдастыру және өткізу; мемлекеттік тілді дамыту және қолдану бойынша жұмыстарды жүргізу; ауданда орналастырылатын сыртқы жарнама және көрнекі ақпаратты ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын қамтамасыз ету; қалалық ономастикалық комиссияның құзыретіне атауы жоқ қайталанатын көшелер мен көшелер бойынша жүргізілген талдауға сәйкес жаңа атаулар беру жөнінде ұсыныстар енгізу; Міндеті: спортты, туризмді, әскери-патриоттық тәрбие мен жастар саясатын дамыту. Функциялары: салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі спорттық іс-шараларды, халық арасында дене шынықтыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, спорт пен туризмді дамыту мақсатында жарыстар, спартакиадалар, тренингтер өткізу; әскери-патриоттық тәрбие шеңберінде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; жастар саясаты бойынша жұмыстарды іске асыру шеңберінде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Өз құзыреті шегінде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету; аудан аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру. мәдениет, дене шынықтыру және спорт, туризм саласында, мемлекеттік тілді насихаттау бойынша аппараттың басқа бөлімдерімен, аудандық білім бөлімімен, құрылымдық бөлімшелермен және аудандық қызметтермен, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерімен, жоғары, арнаулы орта және жалпы білім беретін оқу орындарымен (мектептер, гимназиялар, лицейлер), сондай-ақ ауданның мәдениет мекемелерімен жедел өзара іс-қимыл жасау жұмыстарын ұйымдастыру. Міндеті: тарихи және мәдени мұраны сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Функциялары: ауданда тарихи ескерткіштерді сақтау және күту бойынша жұмыстарды үйлестіру; ескерткіштердің тарихы мен мәдениетін насихаттау шеңберінде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. шығармашылық одақтармен және этномәдени орталықтармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; тұрғылықты жері бойынша жұмысты ұйымдастыру, аула клубтарының қызметін үйлестіру. Міндеті: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Функциялары: бір жылға бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын жасау; бөлімнің ай сайынғы, тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету; лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бөлім мамандары арасында міндеттерді бөлу; қызметтік хат-хабарлардың құжаттарын, өтініштерді, хаттарды, шағымдарды қарау және орындау, сондай-ақ бөлімнің құзыретіндегі мәселелерді қарау. Құқықтары мен міндеттері Бөлім «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты туралы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде: бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша, аудан әкімі өткізетін мәжілістерге, құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға; заңнамамен белгіленген тәртібі бойынша бөлімнің қызметіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік органдардан және ұйымдардан қажетті ақпарат және материалдарды сұратып алуға; Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің белгіленген тәртіп бойынша сотқа талап арызымен жүгіну; бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге; бөлім қызметкерлеріне тиісті еңбек жағдайын жасауға және біліктілігін көтеруді қамтамасыз етуге құқылы; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру. Жауапкершілігі Осы Ережеге сәйкес бөлімге жүктелген міндеттердің, функциялардың және құқықтардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілік бөлім басшысына жүктеледі. Бөлім қызметкерлеріне жүктелген міндеттерінің орындалуы және лауазымдык нұсқаулықпен жүктелген міндеттерды орындамағаны және /немесе тиесінші орындамағаны үшін, өздеріне жүктелген міндеттерді уақтылы орындамау, қызметтік міндеттерін атқару барысында құпия немесе қызметтік мәндегі ақпараттарды жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес дербес жауапкершілікте болады. Бөлім қызметкерлері қылмыстар және құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған негіздерге және тәртіпке сәйкес қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапкершілікке тартылады. Бөлімнің басқа да құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасауы Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты бөлімдерінің қалалық мекемелердің аумақтық бөлімшелерімен және басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауы, ұйымдастыру-нұсқау беру сипатындағы құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

    Жарияланды: