Әуезов ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

    1 / 9

    Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.

    Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік қолдау, жәрдемақы тағайындау, тұрғын үй кезегі, тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту және аула аумақтарын қайта жаңғырту мәселелерін көтерді.

    Сонымен қатар ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер, құрылыс нысандарын орналастыру және қала құрылысы талаптарын сақтау жөніндегі өтініштер қаралды.

    Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінішін жеке тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берді. Жауапты бөлімдерге өтініштерді жан-жақты зерделеп, қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар жүктелді.

    Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

    Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдауға және ауданның өзекті мәселелерін жүйелі түрде қарастыруға мүмкіндік береді.

    Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруге немесе Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайындағы Әуезов ауданы әкімі аппаратына жүгінуге болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары