Алматы қаласының Әуезов ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында аудан активімен кездесу өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің өкілдері, сондай-ақ ауданның белсенді азаматтары қатысты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған стратегиялық басымдықтар, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған міндеттер және мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Жолдаудың негізгі бағыттарын халыққа кеңінен түсіндіру, мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, алға қойылған міндеттерді тиімді іске асыруда бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









