29 қазанда Әуезов ауданындағы «Family Park» боулинг клубында Қарттар айлығы аясында Алматы қаласының ардагерлері арасында боулингтен қалалық жарыс өтті.
Спорттық шараға қаланың әр ауданынан бес адамнан құралған командалар қатысты. Жарыстың негізгі ұйымдастыру жұмыстары Әуезов ауданының Ардагерлер кеңесіне жүктелді.
Іс-шараның ашылуында Әуезов ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Батима Ибраева мен Алматы қаласы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Нұрқасым Тоқмолдаев қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттық белсенділіктің маңызын атап өтті.
Жарыс аға буын өкілдерінің салауатты өмір салтын қолдауға, бос уақытын тиімді өткізуіне және өзара қарым-қатынасын нығайтуға бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









