1 / 5
Алматы қаласының Әуезов ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында аудан прокуратурасымен бірлесіп, студент жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі және өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ мұндай заттарды заңсыз сақтау, тасымалдау және тарату үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және жеке жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









