«BEREL» волейбол клубы Ұлттық лигада бірінші орынға көтерілді

    1 / 5

    Әйелдер арасындағы ҚР Ұлттық лигасы чемпионатының үшінші турының қорытындысы бойынша шығысқазақстандық «BEREL» волейбол клубы турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

    Ақтөбе қаласында өткен үшінші турда жерлестеріміз жоғары ойын деңгейін көрсетіп, «Ақтөбе» клубымен өткізген екі кездесуде де жеңіске жетті.

    Екі ойын да «BEREL» командасының 3:0 есебіндегі басымдығымен аяқталды.

    Үш турдың қорытындысы бойынша «BEREL» турнир кестесінің бірінші сатысына жайғасты.

    Алда команданы жаңа кездесулер күтіп тұр. Шығысқазақстандық волейболшылар Ұлттық лигадағы жоғары орындар үшін күресті жалғастырады.

    (Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары