Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

    2

    Әкімдік туралы

    Шығыс Қазақстан облысы – Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан, Ресеймен және Қытаймен шекаралас облыс.

    Құрылған уақыты – 1932 жылдың 20 ақпаны. Әкімшілік орталығы – Өскемен қаласы.

    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін басқаруды және бақылауды, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарлары мен әкім аппараты басшысына арналған міндеттерді (қызметтің функционалдық бағыттарын) бөлу туралы

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы белгіленген құзыретіне сәйкес облыс аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды, ақпараттық саясат саласында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіруді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың қызметін ақпараттық сүйемелдеу, БАҚ-пен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық материалдарды орналастыру және жариялау мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасына жүгіну ұсынылады. Байланыс деректері: Мекенжайы: 070019, Өскемен қаласы, Максим Горький көшесі, 40, 2-қабат, 234-кабинет; Кеңсе телефоны: +7 (7232) 713-222; Электрондық пошта: [email protected]; Ресми сайт: gov.kz. Жүгіну тәсілдері: жазбаша өтініш; электрондық пошта арқылы өтініш жолдау; электрондық өтініштер порталы арқылы электрондық өтініш беру.

    ·
    Сұрақ

    Шығыс Қазақстан облысында қысқы уақытта қар тазалау және жолдарды күтіп ұстау үшін кім жауапты?

    Жауап

    Мақала мәтіні Шығыс Қазақстан облысында автомобиль жолдарын қысқы уақытта күтіп ұстау (қардан тазалау, тайғаққа қарсы өңдеу, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мұзды кетіру) жолдардың санатына байланысты жүзеге асырылады. Елді мекендер ішіндегі көшелер мен жолдар Жауапкершілікті қалалар мен аудандардың әкімдіктері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері арқылы көтереді. Қысқы уақытта қар тазалау және тайғаққа қарсы өңдеу жұмыстарын арнайы ұйымдар орындайды. Мысал: егер үйдің алдындағы көше, тротуар, қоғамдық көлік аялдамасы тазаланбаса, ішкі аумақтағы жолды ішкі аула ішінде тазалау үшін қала/аудан әкімдігінің ТКШ бөліміне немесе 109 қызметіне жүгіну керек. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары Облыстық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жауап береді, ал аудандық маңызы бар жолдар үшін — аудандар мен қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері жауап береді. Қысқы күтіп ұстау жұмыстарын арнайы жол ұйымдары жүргізеді. Мысал: егер елді мекендерді немесе аудан орталығы мен ауылды байланыстыратын жол тазаланбаса, жолдарды күтіп ұстау жөніндегі тиісті органға хабарласу керек. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары Жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күтіп ұстауға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жауап береді. Бұл санатқа автомобиль жолдары, халықаралық және республикааралық көлікті қамтамасыз ететін жолдар жатады. Мысал: егер республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскесі бойынша жүру қиын болса, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ байланыс орталығына 1403 нөмірі бойынша жүгіну қажет.

    ·
    Сұрақ

    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің білім беру грантын қалай алуға болады?

    Жауап

    Әкімнің білім беру грантын алу үшін қабылдау кезеңінде 5-10 тамыз аралығында — таңдалған өңірлік жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш пен қажетті құжаттардың толық топтамасын тапсыру қажет. Бұл ретте білім беру бағдарламаларының тиісті тобы бойынша ҰБТ-дан шекті балл жинау қажет (педагогикалық бағыттар бойынша - кемінде 75 балл; денсаулық сақтау саласындағы бағыттар бойынша - кемінде 70 балл; «Құқық» даярлау бағыты үшін кемінде - 75 балл, даярлықтың басқа бағыттары бойынша - кемінде 50 балл). Гранттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау қағидаларына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша тағайындалады. Негізгі критерий — ҰБТ нәтижесі: балл неғұрлым жоғары болса, грант алу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Баллдар тең болған жағдайда «Алтын белгі» иегерлеріне, олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарына, біліктілігі мен жұмыс өтілі расталған колледж түлектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер қарастырылған санаттарға жататын тұлғаларға басымдық беріледі. ҰБТ баллдары бірдей болған жағдайда аттестаттың немесе дипломның орташа балы ескеріледі. Осы көрсеткіштер де тең болған жағдайда бейіндік пәндер бойынша балдар есепке алынады. Гранттарды бөлу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына арналған мемлекеттік квоталар да ескеріледі. Мысал 5-10 тамыз аралығында талапкер ақпараттық жүйе арқылы немесе таңдалған өңірлік жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш пен қажетті құжаттардың толық топтамасын тапсырады: өтініш; жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы; жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат; өлшемі 3×4 см болатын 6 фотосурет; 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама; ҰБТ сертификаты. Өтініш берген кезде талапкер білім беру бағдарламаларының 4 тобына дейін көрсете алады. Гранттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау қағидаларына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша тағайындалады. Негізгі критерий — ҰБТ нәтижесі: балл неғұрлым жоғары болса, грант алу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Терминдерге түсіндірме ЖОО — жоғары оқу орны. ҰБТ — ұлттық бірыңғай тестілеу.

    ·
    Сұрақ

    «Білікті маман» өңірлік жобасы шеңберінде мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары оқу орнының түлегі оқуын аяқтағаннан кейін міндетті түрде жұмыс істеуге тиіс пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17 және 17-2-тармақтарына сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде, оның ішінде «Білікті маман» өңірлік жобасы бойынша білім алған түлектер алған мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті. 17-2. Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға: 1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға; 2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға; 3) резидентураға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, магистратураға, докторантураға түскен және оқуын аяқтаған адамдарға; 4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға; 5) әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің (әскери жиындарды қоспағанда) белгіленген мерзімін өткерген жағдайда азаматтарға; 6) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан және оның талаптарын сақтаған жағдайларда азаматтарға; 7) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға; 8) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға беріледі. Мысал «Білікті маман» бағдарламасы бойынша білім алған түлек мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде магистратураға түсті. Ол тиісті өтініш пен растайтын құжаттарды ұсына отырып, жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияға міндетті жұмыспен өтеуден босату мәселесін қарау үшін жүгіне алады. Терминдерге түсіндірме ЖОО — жоғары оқу орны. Мемлекеттік білім беру тапсырысы — бюджет қаражаты есебінен мамандар даярлау. Жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссия — түлектерді бөлу және заңнамада көзделген жағдайларда міндетті жұмыспен өтеуден босату мәселелері бойынша шешім қабылдайтын комиссия

    ·
    Сұрақ

    Қандай жағдайларда жер учаскесі бөлінбейтін болып танылады?

    Жауап

    Жер учаскесінің бөлінуі немесе бөлінбеуі нысаналы мақсатын өзгертпей және заңнама талаптарын бұзбай оны бөлу мүмкіндігіне қарай айқындалады. Жер учаскесінің бөлінуін немесе бөлінбейтіндігін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша қала немесе аудан әкімдігіне хабарласу арқылы анықтауға болады. Толық жауап Жер учаскесінің бөлінуі немесе бөлінбеуі нысаналы мақсатын өзгертпей және заңнама талаптарын бұзбай оны бөлу мүмкіндігіне қарай айқындалады. Жер учаскесінің бөлінуін немесе бөлінбейтіндігін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша қала немесе аудан әкімдігіне хабарласу арқылы анықтауға болады. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 51-бабына сәйкес жер учаскесі бөлінетін және бөлінбейтін болуы мүмкін. Өзiнiң нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай бөлiктерге бөлуге болатын, бөлiнгеннен кейiн әрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер учаскесi бөлiнетiн жер учаскесi болады, бұлай болмаған жағдайда ол бөлiнбейтiн болып табылады. Егер жер учаскесін нысаналы мақсатын өзгертпей немесе көрсетілген талаптарды бұзбай бөлу мүмкін болмаса, жер учаскесі бөлінбейтін болып танылады. Жер учаскесiнiң бөлінетіндігі және бөлiнбейтiндiгi сәйкестендіру құжатында көрсетiледi. Егер жер учаскесінің бөлінуін анықтау немесе өзгерту қажет болса, мемлекеттік қызметті алу үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша қала немесе аудан әкімдігіне жүгіну қажет. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Маңызды Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: «Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларымен белгіленген нысан бойынша өтініш; жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың мөлшерін көрсете отырып, жер учаскесін бөлу схемасын; жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесін ұсыну қажет. Қарау нәтижелері бойынша учаскені бөлінетін деп айқындау туралы шешім немесе уәжді бас тарту беріледі. Мысал Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (ЖШС) қойма үй-жайларын орналастыруға арналған жер учаскесін бөлу мүмкіндігін анықтау қажет. Бұл үшін ЖШС жер учаскесі орналасқан орын бойынша әкімдікке өтініш және қажетті құжаттармен жүгінеді. Егер бөлгеннен кейін әрбір құрылған бөлік заңнама талаптарына сәйкес келсе, өзінің нысаналы мақсатын сақтап қалса және дербес жер учаскесі ретінде пайдаланылуы мүмкін болса, жер учаскесі бөлінеді деп тану туралы шешім қабылданады. Олай болмаған жағдайда, уәжді бас тарту беріледі. Жер учаскесі бөлінеді деп танылған жағдайда меншік иесі/жер пайдаланушы жобалау және іздестіру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаға жерге орналастыру жобасын орындау үшін, бөлу жобасын орындау үшін жүгінуге құқылы. Терминдердің түсіндірмесі Бөлінетін жер учаскесі – нысаналы мақсатын өзгертпей және заңнама талаптарын бұзбай дербес жер учаскелеріне бөлуге болатын жер учаскесі. Бөлінбейтін жер учаскесі – нысаналы мақсатын өзгертпей немесе заңнама талаптарын бұзбай бөлінуі мүмкін емес жер учаскесі. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат.

    ·
    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын қалай өзгертуге болады?

    Жауап

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін меншік иесі немесе жер пайдаланушы ХҚКО не eGov.kz. порталы арқылы өтінішпен жүгінуі қажет. Нысаналы мақсатын өзгертуге тек жер учаскесін болжамды пайдалануы елді мекеннің бас жоспарына, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, құрылыс салу қағидаларына және заңнаманың басқа да талаптарына сәйкес келген кезде ғана жол беріледі. Өтінішті қарау кезінде уәкілетті органдар: жаңа нысаналы мақсаттың қала құрылысы құжаттамасына сәйкестігін; жер учаскесіне қойылған шектеулер мен ауыртпалықтардың болуын; санитариялық, экологиялық және өзге де нормалардың сақталуын; жер учаскесін сұратылған мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін тексереді. Жекелеген жағдайларда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын өзгерту және заңнамаға сәйкес жер учаскесі құнының айырмасын төлеу талап етілуі мүмкін. Әкімдіктің оң шешімі қабылданғаннан кейін жер учаскесінің жаңа нысаналы мақсаты туралы мәліметтер мемлекеттік жер кадастрына және құқықтық кадастрға енгізіледі. Іс-қимыл тәртібі Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге өтініш беру. Қажетті құжаттарды ұсыну (жеке куәлік, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар және талап бойынша өзге де құжаттар). Құжаттардың өзекті тізбесін ХҚКО-да немесе eGov.kz. порталы арқылы өтініш берген кезде нақтылауға болады. Өтініштің қаралуын күту. Әкімдіктің шешімін алу. Өзгерістерді құқықтық кадастрда тіркеу. Мысал Азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне иелік етеді және оны кәсіпкерлік қызмет объектісін орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр. Ол үшін ол учаскенің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішпен жүгінеді. Әкімдіктің оң шешімін алғаннан кейін жаңа нысаналы мақсаты туралы мәліметтер мемлекеттік кадастрларға енгізіледі. Терминдерге түсіндірме Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – жер учаскесін пайдалану мақсаты мен шарттарын айқындайтын, заңнамада белгіленген рұқсат етілген пайдалану түрі.

    ·
    Қаулы

    «Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 236 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Жарияланды:
    Қаулы

    «Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерiнде жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындар белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2025 жылғы жұмыс қорытындысы және 2026 жылға арналған жоспар

    Жарияланды:
    Қаулы

    Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін және өкілдік шығындар нормаларын бекіту туралы

    Жарияланды:
    Бюджет

    2026–2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджет

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шығыс Қазақстан облысындағы қолданыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі

    Жарияланды: