Шығыс Қазақстан облысында қысқы уақытта қар тазалау және жолдарды күтіп ұстау үшін кім жауапты?
Мақала мәтіні
Шығыс Қазақстан облысында автомобиль жолдарын қысқы уақытта күтіп ұстау (қардан тазалау, тайғаққа қарсы өңдеу, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мұзды кетіру) жолдардың санатына байланысты жүзеге асырылады.
- Елді мекендер ішіндегі көшелер мен жолдар
Жауапкершілікті қалалар мен аудандардың әкімдіктері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері арқылы көтереді. Қысқы уақытта қар тазалау және тайғаққа қарсы өңдеу жұмыстарын арнайы ұйымдар орындайды.
Мысал: егер үйдің алдындағы көше, тротуар, қоғамдық көлік аялдамасы тазаланбаса, ішкі аумақтағы жолды ішкі аула ішінде тазалау үшін қала/аудан әкімдігінің ТКШ бөліміне немесе 109 қызметіне жүгіну керек.
- Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары
Облыстық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жауап береді, ал аудандық маңызы бар жолдар үшін — аудандар мен қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері жауап береді. Қысқы күтіп ұстау жұмыстарын арнайы жол ұйымдары жүргізеді.
Мысал: егер елді мекендерді немесе аудан орталығы мен ауылды байланыстыратын жол тазаланбаса, жолдарды күтіп ұстау жөніндегі тиісті органға хабарласу керек.
- Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары
Жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күтіп ұстауға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жауап береді.
Бұл санатқа автомобиль жолдары, халықаралық және республикааралық көлікті қамтамасыз ететін жолдар жатады.
Мысал: егер республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскесі бойынша жүру қиын болса, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ байланыс орталығына 1403 нөмірі бойынша жүгіну қажет.