Шығыс Қазақстан облысы әкімінің білім беру грантын қалай алуға болады?
Әкімнің білім беру грантын алу үшін қабылдау кезеңінде 5-10 тамыз аралығында — таңдалған өңірлік жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш пен қажетті құжаттардың толық топтамасын тапсыру қажет. Бұл ретте білім беру бағдарламаларының тиісті тобы бойынша ҰБТ-дан шекті балл жинау қажет (педагогикалық бағыттар бойынша - кемінде 75 балл; денсаулық сақтау саласындағы бағыттар бойынша - кемінде 70 балл; «Құқық» даярлау бағыты үшін кемінде - 75 балл, даярлықтың басқа бағыттары бойынша - кемінде 50 балл).
Гранттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау қағидаларына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша тағайындалады.
Негізгі критерий — ҰБТ нәтижесі: балл неғұрлым жоғары болса, грант алу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Баллдар тең болған жағдайда «Алтын белгі» иегерлеріне, олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарына, біліктілігі мен жұмыс өтілі расталған колледж түлектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер қарастырылған санаттарға жататын тұлғаларға басымдық беріледі.
ҰБТ баллдары бірдей болған жағдайда аттестаттың немесе дипломның орташа балы ескеріледі. Осы көрсеткіштер де тең болған жағдайда бейіндік пәндер бойынша балдар есепке алынады.
Гранттарды бөлу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына арналған мемлекеттік квоталар да ескеріледі.
Мысал
5-10 тамыз аралығында талапкер ақпараттық жүйе арқылы немесе таңдалған өңірлік жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш пен қажетті құжаттардың толық топтамасын тапсырады: өтініш; жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы; жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат; өлшемі 3×4 см болатын 6 фотосурет; 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама; ҰБТ сертификаты.
Өтініш берген кезде талапкер білім беру бағдарламаларының 4 тобына дейін көрсете алады.
Гранттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау қағидаларына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша тағайындалады.
Негізгі критерий — ҰБТ нәтижесі: балл неғұрлым жоғары болса, грант алу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Терминдерге түсіндірме
ЖОО — жоғары оқу орны.
ҰБТ — ұлттық бірыңғай тестілеу.