Қазақстанда 307-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды

    1 / 9

    Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Озерное ауылында 307-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті шамамен 700 адам тұратын үш елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

    Жергілікті атқарушы органдар қызмет атқаруға қажетті жағдайларды жасау бойынша тиісті жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, жеке құрамның тынығуына арналған бөлмелер жабдықталды. Ал Төтенше жағдайлар министрлігі бекетті қажетті өрт сөндіру техникасы мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

    Жаңа нысанның ашылуы шақырту орнына бөлімшелердің жету уақытын едәуір қысқартуға, жедел әрекет ету деңгейін арттыруға, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимыл тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары