ТЖМ басшысы Қостанай облысындағы «Соколовская» шахтасына барды

    1 / 11

    Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Қостанай облысы Рудный қаласының маңында орналасқан «ССКӨБ» АҚ-ның «Соколовская» шахтасына барды. Шахта 1975 жылдан бері пайдаланылып келеді. Кәсіпорында 900-ден астам адам еңбек етеді, жылдық кен өндіру көлемі 2 миллион тоннаға жетеді.

    Министр апаттарды жою жоспары, жерасты жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі және қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелерімен танысты. ТЖМ делегациясы 344 метр тереңдікке түсіп, кеншілердің еңбек жағдайын және темір кенін жерасты әдісімен өндіру ерекшеліктерін көрді.

    Сапар барысында авариялық жағдайлардың алдын алу, жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару қызметтерінің жедел әрекет етуге дайындығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары