Қазақстанда 306-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрамы ашылды

    1 / 13

    Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Сабынды ауылында 306-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылу рәсімі өтті. Өрт сөндіру бекетінің қызмет көрсету аймағына жалпы саны 1 770 адам тұратын үш елді мекен кіреді.

    Жаңа өрт сөндіру бекеті жақын маңдағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 56 шақырым қашықтықта орналасқан жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің базасында ашылды. Бекет арнайы техникамен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жеке құраммен жасақталды. Бұл бөлімшенің өрттің алдын алу және оларды сөндіру міндеттерін орындауға дайын болуына мүмкіндік береді.

    Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы ықтимал өрттерге жедел әрекет етуге және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқиға орнына күштер мен құралдардың жету уақытын қысқартып, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға ден қою дайындығын күшейтеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары