Тараз қаласында өткен «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсында Ұлытау облысының үш оқушысы жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Байқауға еліміздің әр өңірінен 9-10-сынып оқушылары қатысып, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын зерттеуге бағытталған жобаларын ұсынды.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Жаңаарқа ауданы Ынталы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Исламбек Борсынбаев «Бір жәдігер – бір тарих» номинациясында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі – Айжан Қазкен.
Сәтбаев қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Айханым Леспаева «Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иеленді. Жетекшісі – Балзия Ералиева.
Ал Жаңаарқа ауданындағы №1 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Ерсін Жарылғапов «Өлкемнің цифрлық шежіресі» номинациясында ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі – Жадыра Рыспекова.
Осылайша, Ұлытау облысының оқушылары республикалық конкурстан бір күміс және екі қола жүлдемен оралды. Байқау жас зерттеушілердің туған өлке тарихын зерделеуіне, тарихи-мәдени мұраны танып-білуіне және зерттеу дағдыларын дамытуына бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









