Жезқазғанда шахматтан облыс чемпионатының жеңімпаздары анықталды

    1 / 4

    Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде ұлдар мен қыздар арасында классикалық шахматтан Ұлытау облысының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Облыстық біріншілікте жас шахматшылар 7, 9, 11, 13, 15 және 17 жасқа дейінгі алты жас санаты бойынша бақ сынады. Ұлдар мен қыздар арасындағы жарыстар бөлек ұйымдастырылып, швейцариялық жүйе бойынша тоғыз тур өткізілді.
    Чемпионат қорытындысында әр жас санаты бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жарыс ережесіне сәйкес, алғашқы үш орынға ие болған шахматшылар 2027 жылы өтетін Қазақстан чемпионатына қатысу құқығына ие болды.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды.
    Чемпионатты Ұлытау облысының шахмат федерациясы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен келісім бойынша ұйымдастырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары