1 / 2
Сәтбаев қаласында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге өңірден 85 тауар өндіруші қатысып, 20,5 тонна өнім сатылды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
«Светофор» дүкенінің алдында ұйымдастырылған жәрмеңкеде тұрғындарға жергілікті өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылды.
Сауда сөрелеріне көкөніс, жеміс-жидек, ет, сүт және басқа да азық-түлік өнімдері қойылды. Тұрғындар қажетті тауарларын тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік алды.
Жәрмеңке тұрғындарды қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге және жергілікті шаруалар мен тауар өндірушілерді қолдауға бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









