«Таза Қазақстан»: Жезқазғанда футбол жанкүйерлері матчтан кейін қоқысты жинап кетті

    1 / 7

    Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионында «Ұлытау» мен «Атырау» командалары арасындағы футбол матчы аяқталғаннан кейін жанкүйерлер өз бастамаларымен трибуналардағы қоқыстарды жинастырды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Осылайша, тұрғындар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қолдау білдіріп, қоғамдық орындарға жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетті. Бұл бастама футболға деген сүйіспеншілік тек сүйікті командаға жанкүйер болумен ғана шектелмей, стадион тазалығына қамқорлық жасаудан да көрінетінін аңғартты.

    Еске сала кетейік, 31 қазанда Жезқазғандағы «Металлург» стадионында Қазақстан Премьер-лигасы маусымының қорытынды матчы өтіп, онда «Ұлытау» және «Атырау» футбол клубтары кездесті.

    Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпал етіп, тазалықты сақтауда әр адамның жеке үлесі маңызды екенін көрсетеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары