Ұлытау облысының білім беру ұйымдарына 100 3D-принтер сыйға тартылады

    1 / 4

    Назарбаев Зияткерлік мектебі түлектерінің командасы Ұлытау облысының білім беру ұйымдарына 100 жоғары жылдамдықты Bambu Lab A1 mini 3D-принтерін сыйға тарту бастамасын көтерді. Бұл құрылғылар оқу модельдерін жасауға және практикалық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Бастаманы CYBERPACK AI және Rolab компанияларының негізін қалаушы Сабыржан Мұстафин қолға алды. Команда құрамына сондай-ақ CYBERPACK AI компаниясының қаржы директоры Мансұр Ахмеров, техникалық директоры Әділет Саду және маркетинг жөніндегі директоры Дамир Дәуренұлы кірді.

    Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 86 мектеп, оның ішінде бір жекеменшік мектеп және 14 колледж жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарын заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану мүмкіндіктерін кеңейтеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары