«Адал азамат» бағдарламасы: елорда мектебінің тәжірибесі ұлытаулық директорларға таныстырылды

    1 / 6

    Ұлытау облысының мектеп директорлары Астана қаласындағы №107 «Келешек мектебінде» болып, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру тәжірибесімен танысты.

    Тәжірибе алмасу барысында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу, адалдық, жауапкершілік, отаншылдық пен еңбекқорлық қағидаттарын мектептің күнделікті өміріне енгізу мәселелері қаралды.
    Сонымен қатар тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру, білім беру мен тәрбиені ұштастыру және құндылықтарға негізделген мектеп мәдениетін қалыптастырудың тиімді тәсілдері талқыланды.

    Кездесу аясында Ұлытау облысының мектеп директорлары елордалық әріптестерінің тәжірибесін зерделеп, оны өңірдегі білім беру ұйымдарының жұмысына енгізу мүмкіндіктерін қарастырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары