Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылы «Үздік ауыл – 2026» республикалық байқауының Бас жүлдесін жеңіп алып, 10 миллион теңге ақшалай сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Байқаудың қорытындысы Алматы қаласында шығарылды. «Ауыл» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен республикалық додада Түгіскен ауылы Ұлытау облысының атынан қатысып, үздік деп танылды.
Бұл жетістік ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағының, туған жерді дамытуға бағытталған ортақ еңбегінің нәтижесі ретінде бағаланып отыр.
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің мәліметінше, республикалық байқаудағы жеңіс ауылдың дамуына үлес қосып жүрген тұрғындар мен жергілікті қауымдастық үшін маңызды оқиға болды.
Мұндай байқаулар ауылдық елдімекендердің әлеуетін танытуға, ауыл өміріндегі оң тәжірибелерді насихаттауға және тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








