https://www.instagram.com/reel/DfJiQ-vhRij/?rpxt=MWFjeXZucjNqNmlyYg==
Ағымдағы жылдың 30 қазанында аудан әкімінің орынбасары К.Байдрахманов мен аудан прокуроры А.Үсеновтың қатысуымен шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдау, өзекті мәселелерін талқылау және кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету.
Жиын барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» жобасы аясында мал шаруашылығын дамыту, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тарту және мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар, Аққұм ауылынан келген кәсіпкер жартылай фабрикат өнімдерін өндірумен айналысатынын айтып, өз кәсібін одан әрі кеңейту мақсатында аудан орталығынан жер телімін алу жөніндегі ұсынысын жеткізді.
Кездесу барысында көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдары талқыланды.
Мұндай ашық кездесулер кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланысты нығайтып, бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






