Оба ауруы бойынша кабинеттік оқу-жаттығу өткізілді

    1 / 2

    2026 жылғы 28 қазанда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында оба ауруына күдікті науқас анықталған жағдайға арналған кабинеттік оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мүдделі қызметтер мен ведомстволардың жедел әрекет ету дайындығын бағалау және шартты инфекция ошағын оқшаулау кезіндегі өзара іс-қимылды пысықтау. Оқу-жаттығуға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, обаға қарсы күрес станциясының, жедел медициналық жәрдем станциясының, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының, Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары, көліктегі полиция және теміржол вокзалы өкілдері, сондай-ақ жолаушылар пойызының жолсеріктері қатысты. Оқу-жаттығу барысында шартты науқасты анықтау және оқшаулау, байланыста болған адамдарды айқындау, жауапты қызметтерге хабарлау және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу алгоритмдері пысықталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары