2026 жылғы 23 қазанда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2026 жылға арналған семинарлар өткізу кестесіне және «Салауатты жұмыс орындары» бастамасын іске асыруға сәйкес «Ремонт пассажирских вагонов-1» ЖШС қызметкерлері арасында семинар өткізді. Семинар барысында жүрек-қан тамырлары ауруларының негізгі себептері, қауіп факторлары, түрлері, белгілері және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар дұрыс тамақтану, дене белсенділігін арттыру, зиянды әдеттерден бас тарту және профилактикалық медициналық тексерулерден уақтылы өтудің маңыздылығы түсіндірілді. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, аурулардың алдын алу бойынша тиісті ұсынымдар ұсынылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







