2026 жылғы 23 қазанда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 28 тамыздағы №11-ПГСВ қаулысын орындау мақсатында «Марал-Нұр» ЖШС қызметкерлері арасында семинар өткізді. Семинар барысында тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирус инфекциясының жұғу жолдары, негізгі белгілері мен алдын алу шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ инфекциялардың таралуын болдырмау және санитариялық-профилактикалық талаптарды сақтау мәселелеріне назар аударылды. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, аурулардың алдын алу бойынша тиісті ұсынымдар ұсынылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









