https://www.instagram.com/reel/De_85gPpLZS/?psln=MW10cm9odTF2dWI2Zw==
Әйтеке би ауданының тұрғыны Қарлығаш Темірханова үшін сауда саласы – жай ғана жұмыс емес, ауыл тұрғындарына қалтқысыз қызмет етуді мақсат еткен сүйікті ісі.
Алғашында шағын саудамен айналысып жүрген Қарлығаш уақыт өте келе өз кәсібін кеңейтуді қолға алды. Кәсібін дамыту мақсатында заманауи талапқа сай ғимарат салып, қажетті құрал-жабдықтармен толықтырды.
Бүгінде Қарлығаштың “Бота” дүкені мен кафесі аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп келеді. Мұнда азық-түліктен бастап, ыстық тағамдар мен сусындарға дейін барлығы бар, тұтынушыларға кең ассортимент ұсынылған.
Кәсіпкер өз ісін бастау үшін «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қоры арқылы несие алып, арманын жүзеге асырған.
Бүгінде ол өз кәсібінде 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.








