Қазақстан өкілі Еуропа Кеңесінің жастар саясаты жөніндегі отырыстарына қатысты

    1 / 3

    Страсбург, 2026 жылғы 19-21 қазан – Страсбург қаласындағы Еуропалық жастар орталығында Еуропа Кеңесінің Жастар департаменті ұйымдастырған Жастар жөніндегі Еуропалық басқарушы комитеттің 78-ші отырысы және Жастар жөніндегі бірлескен кеңестің 55-ші отырысы өтті. Іс-шараларға Қазақстан өкілі, «Kazakhstan–EU Gateway» қоғамдық бірлестігінің президенті В.Бахретдинов қатысты.

    Отырыстар барысында Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатындағы өзгерістер мен жаңа бастамалар таныстырылды. Атап айтқанда, мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, жастардың қоғамдық өмірге және шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейту, жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіру мәселелері қамтылды.

    Қазақстанның жаңа Конституциясында волонтерлік қызмет пен қайырымдылықты қолдаудың бекітілуіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, жастардың әлеуетін іске асыру үшін білім алу және мемлекет ісін басқаруға қатысу құқықтарының маңызы көрсетілді.

    Пікір алмасу барысында жастардың климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылға қатысуы, ауыл жастарын қолдау және Еуропа мен Орталық Азия арасындағы жастар ынтымақтастығын дамыту мәселелеріне назар аударылды. Бірлескен білім беру және волонтерлік бастамалар, жастар ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасу одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары ретінде қарастырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Страсбург қаласындағы Бас консулдығы" жаңалықтары