«Ұстаздан басталған ұлы жол»

    1 / 9

    Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында Республика күні мен Ұстаздар күніне орай «Ұстаздан басталған ұлы жол» атты салтанатты шара өтті. Іс-шараға Орал қаласының әкімі Мұрат Булатович Байменов ,Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Елдос Набиболлаұлы Сафуллин қатысты.

    Мерекелік шарада білім беру саласының қызметкерлері мен ардагер педагогтерге құрмет көрсетіліп, олардың өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі еңбегі атап өтілді.

    Бүгінде Орал қаласының білім беру ұйымдарында 8 мыңға жуық педагог 80 мыңнан астам оқушыға білім беріп келеді. Оқушылардың республикалық және халықаралық олимпиадалар мен білім сайыстарындағы жетістіктері – ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.

    Шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі педагогтердің рөліне басымдық берілді. Сондай-ақ саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап, білім беру саласының дамуына үлес қосқан ардагер педагогтерге алғыс білдірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Орал қаласының білім беру бөлімі" жаңалықтары