Орал қаласының білім беру бөлімі

    Бөлім туралы

    «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Орал қаласының аумағында білім саласына басшылық пен үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс

    Орал қаласының білім беру бөлімі қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс жариялайды. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының №2-қосымшасына сәйкес (ҚР Оқу-ағарту министрінің 01.03.2023 №56 бұйрығы редакциясымен) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің №53 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесін құру бойынша ұсыныстарды қабылдайтынын хабарлайды. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады: өтінім (еркін түрде); үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме; білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар. Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады. Қамқоршылық кеңестің құрамына кіреді: 1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды; 2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам; 3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам; 4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам; 5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам; 6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам; 7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам. Құжаттар ««Орал қаласының білім беру бөлімінің №53 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің қамқоршылық кеңесіне мүше болуға үміткер» белгісімен 2026 жылдың 4 мамырға дейін Орал қаласының білім беру бөлімінің [email protected] электрондық поштасында немесе Орал қаласының білім беру бөлімінде қабылданады (Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көш. 23, 312-кабинет, тел.: 50-38-79)

    14 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Бұйрық

    Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 26.11.2024 жылғы №1398 бұйрығы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 11.11.2024 жылғы №1346 бұйрығы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 1.10.2024 жылғы №1197 бұйрығы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 24.10.2024 жылғы №1264 бұйрығы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 24.10.2024 жылғы №1263 бұйрығы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 31.08.2023 жылғы №767 бұйрығы

    Жарияланды: