2026 жылғы 12 қараша күні Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы А. Қайржанова PISA халықаралық зерттеуіне қатысатын «Келешек мектептеріне» арнайы барып, зерттеуге қатысушы оқушылармен кездесу өткізді.
Сапар барысында мектептердің зерттеуге дайындығы, ұйымдастыру жұмыстары және қажетті жағдайлардың қамтамасыз етілуі назарға алынды.
Кездесу барысында А. Қайржанова PISA халықаралық зерттеуінің маңыздылығы, оның білім сапасын бағалаудағы рөлі және әрбір қатысушының жауапкершілігі туралы айтып өтті.
Сонымен қатар оқушыларды тапсырмаларды мұқият оқып, өз білімдері мен дағдыларын толық көрсетуге, әр тапсырманы жауапкершілікпен әрі тиянақты орындауға шақырды.
Әрбір оқушының жетістігі – білім беру жүйесінің ортақ жетістігі!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









