«ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГІ» АТАҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Орал қаласында педагогтердің кәсіби қызметін қолдау және білім беру саласына қосқан елеулі еңбегін бағалау мақсатында «Орал қаласының құрметті педагогі» ерекшелік төсбелгісі тағайындалып келеді.

    Конкурстық негізде берілетін бұл мәртебелі төсбелгі биыл жетінші рет табысталады. Биылғы байқауға 30 үміткер қатысып, өздерінің кәсіби жетістіктері мен білім беру саласындағы еңбектерін ұсынды.

    29 қыркүйекте Орал қаласы әкімдігі жанындағы комиссия отырысы өтіп, байқау жеңімпазы анықталды. Нәтижесінде №42 «Ақ ниет» гимназиясының тарих пәні мұғалімі Назекет Наримановна Сатдыкова «Орал қаласының құрметті педагогі» атанды.

    Жеңімпазға жергілікті ерекшелік белгісі бар «Орал қаласының құрметті педагогі» төсбелгісі, куәлік және 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ақшалай сыйақыға арналған сертификат табысталады.

    Назекет Наримановнаны жоғары марапатымен құттықтаймыз! Еңбегіне толағай табыс, шәкірттеріне биік белестер тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Орал қаласының білім беру бөлімі" жаңалықтары