ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    2026 жылғы 12 қазанда Орал қаласының білім беру бөлімінде профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандармен және тәуекел топтарына жататын балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі қалалық жұмыс тобының отырысы өтті.

    Отырыс «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Қ.Е.Меңдіғалиевтің төрағалығымен өткізілген жедел кеңесте берілген тапсырмалар бойынша ұйымдастырылды.

    Отырыс барысында балалар суицидінің алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмысты қайта форматтау, тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтау, оларға уақтылы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және профилактика субъектілері арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қаралды.
    Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғау, олардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету және қиын жағдайға тап болған балаларға дер кезінде көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдары, психологиялық қызметтер және мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы жүйелі жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

    Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әр баланың мәселесіне жеке көзқарас қалыптастыру — ортақ жауапкершілік.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Орал қаласының білім беру бөлімі" жаңалықтары