Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы·Жаңалықтар мұрағаты
Рысқалиев Абай Баймырзаұлы Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Білімі жоғары. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Ақтөбе облысының прокуратурасында бастаған. Әр жылдары жер қатынастары, индустриялық-инновациялық даму салаларында, облыс әкімінің аппаратында және «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Соңғы қызметтерінде облыс әкімінің аппаратында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл және ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бағыттары бойынша еңбек еткен.









