Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің ардагерлері мен әріптестер!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Әлеуметтік қорғау саласының әр маманы қоғамның әл-ауқатын арттыруға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуге өз үлесін қосып келеді. Бұл – кәсіби біліктілікпен қатар, үлкен жауапкершілікті, сабырлық пен адамға деген құрметті талап ететін маңызды қызмет.

    Сіздердің еңбектеріңіз қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Осы жолдағы табанды қызметтеріңіз бен адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін.

    Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Кәсіби мақсаттарыңыз орындалып, бастамаларыңыз сәтті жүзеге ассын. Халық игілігі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

    Ізгі ниетпен, басқарма басшысы Ләззат Оразбаева

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары