Республика күніне орай Мәдениет үйінде ”Қыран елім – Қазақстаным” атты мерекелік концерт өтті.
Мерекелік шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін құрметтеуге тәрбиелеу.
Концерт барысында патриоттық әндер шырқалып, әсем билер орындалды. Өнерпаздар өз өнерлерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктерін жеткізді.
Республика күні – мемлекетіміздің егемендігін айшықтайтын, ұлттық рухымызды асқақтатып, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтатын ұлық мереке!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болып, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Республика күні құтты болсын!









