ҚАПАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МАЛ ҰРЛЫҒЫ МЕН МҮЛІК ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    1 / 8

    Қапал ауылдық округі аумағында мал ұрлығы мен азаматтардың жеке мүлкін ұрлау фактілерінің алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық түсіндіру және рейдтік іс-шаралар, сондай-ақ тұрғындардың аулаларын аралау жұмыстары жүргізілуде.

    Іс-шаралардың негізгі мақсаты – мал мен мүліктің ұрлануына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

    Аралау барысында тұрғындарға төмендегі мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі:

    Малды қараусыз қалдырмау – малды бақылаусыз жібермеу, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайылымда бағуды тиісті деңгейде ұйымдастыру;

    Мүліктің сақталуын қамтамасыз ету – тұрғын үйлерді, қора-жайларды және басқа да шаруашылық нысандарын құлыптап, мал мен мүліктің сақталуына жауапкершілікпен қарау;

    Ветеринариялық талаптарды сақтау – малды бірдейлендіру, чиптеу, таңбалау және басқа да қажетті ветеринариялық іс-шараларды уақтылы жүргізу;

    Құқық бұзушылықтардың алдын алу – күдікті жағдайлар байқалған кезде тиісті органдарға дереу хабарлау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысу.

    Құрметті Қапал ауылдық округінің тұрғындары!

    Мал мен мүліктің қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әрбір тұрғынның сақтық шараларын сақтауы және малды қараусыз қалдырмауы ұрлықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

    Бірлесе әрекет етіп, ауылымыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Ақсу ауданы Қапал ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары