Құрметті Қапал ауылдық округі тұрғындары!
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 202 6 жылғы 12 қазанда сағат 11.00 -д е Ақсу ауданы әкімдігі ғимаратының 2-қабатында ( Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, 5) аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазыла аласыз. Сондай-ақ сағат 11.30-да облыс әкімі М. Байсақұлы атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында (Жансүгіров ауылы, Мұратбаев көшесі, 1) аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді. Кездесудің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y =сілтемесі бойынша жүргізіледі.





