Біздің жас балуандар

    1 / 2

    Құрметті Қапал ауылдық округінің тұрғындары және әлеуметтік желі қолданушылары!

    Біз жас спортшыларымыздың жарқын жетістіктерімен таныстыруды жалғастырамыз! 🇰🇿

    Республика күніне орай Талдықорған қаласындағы Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2013–2014 және 2015–2016 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық біріншілік өтті.

    Аталған жарыста Қапал ауылының жас балуандары жоғары дайындықтарын, қайсар мінездері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

    🏅 ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ:

    🥇 Қайрат Ерқанат – 35 кг салмақ дәрежесінде І орын;

    🥇 Қайрат Айсұлтан – 42 кг салмақ дәрежесінде І орын;

    🥇 Мәлік Санжар – 42 кг салмақ дәрежесінде І орын;

    🥈 Сейдахмет Мұстафа – 42 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын;

    🥉 Маратқан Нұрбол – 29 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын.

    Ерекше атап өтерлігі – жарысқа қатысқан бес спортшымыздың бесеуі де жүлделі орындарға ие болды!

    Бұл – жас балуандарымыздың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, үздіксіз жаттығуларының және бапкерлердің кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.

    Жас спортшыларымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бапкерлеріне еңбектері үшін алғыс білдіреміз!

    Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, Қапал ауылының абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз!

    Жеңісті күндеріміз көп болсын! Жас спортшыларымызға сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Ақсу ауданы Қапал ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары