Сандықтау ауданындағы үш ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылды

    1 / 3

    Сандықтау ауданы Бірлік ауылдық округінде Красная Поляна, Петриковка және Арбузинка ауылдарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ететін топтық су құбырының салтанатты іске қосу рәсімі өтті.

    Жобаны қаржыландыру Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетімен мемлекетке қайтарылған активтерден құрылған арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылғанын аудан прокуроры Алмас Жақсыбеков атап өтті.

    Бұған дейін орталықтандырылған су жүйесі болмаған үш ауылдың 1141 тұрғындары үшін бұл - көптен күткен қуанышты оқиға. Тұрғындардың үйлеріне орталықтандырылған ауыз су жеткізілді.

    Жобаның жүзеге асырылуы — ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және әрбір отбасы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары