«Жас Ұрпақ» жобасына оқушыларды салтанатты түрде қабылдау туралы

    1 / 2

    Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп»идеологиясы аясында 2026 жылдың 25 қарашасында Целиноград ауданы Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында аудан мектептерінің белсенді оқушыларын республикалық «Жас Ұрпақ» жобасының қатарына салтаннаты түрде қабылдау іс-шарасы өтті.

    Жоба өскелең ұрпақтың бойында ұлттық мұраға және аға буынға деген құрметті, мәдени мінез-құлықты, құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған.

    Аталған бастаманың негізгі міндеттерінің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыру болып табылады және ол Қазақстан халқының дәстүрлі құндылықтарын сақтайтын заманауи, мәдениетті әрі жауапты жастарды тәрбиелеуге ықпал етеді.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары