Қоғамдық талқылау өтті

    1 / 7

    Бүгін келесі егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын (ЕТЖЖ) әзірлеуге қатысты қоғамдық талқылау өтті.

    1.Астана қаласындағы Е509 көшесі ауданында ЕТЖЖ әзірлеу

    ЕТЖЖ әзірлеу шеңберінде мынадай объектілер көзделген: көппәтерлі тұрғын үй кешендері.

    ·Қабаттылығы – 1, 9 қабат;

    ·Ауданы – шамамен 19 мың ш/м.

    2.Астана қаласындағы Ә. Бөкейхан, Орынбор және Ақниет көшелері ауданында ЕТЖЖ әзірлеу

    ЕТЖЖ әзірлеу шеңберінде мынадай объектілер көзделген: көпфункционалды тұрғын үй кешені, көппәтерлі тұрғын үй кешені, жалпы білім беретін мектеп.

    ·Кіріктірілген тұрғын емес үй-жайлары, мектепке дейінгі білім беру объектісі және автотұрағы бар көпфункционалды тұрғын үй кешенінің қабаттылығы – 1, 9, 12 қабат;

    ·Кіріктірілген үй-жайлары және автотұрағы бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің қабаттылығы – 1, 12 қабат;

    ·Жалпы білім беретін мектеп – 3 қабат.

    3. Астана қаласындағы А91, А435, Хайретдин Болғанбаев және А123 көшелері ауданындағы аумақтың ЕТЖЖ әзірлеу

    ЕТЖЖ әзірлеу шеңберінде мынадай объектілер көзделген: жеке тұрғын үй (коттедж үлгісіндегі) құрылысы, таунхаус үлгісіндегі блокталған тұрғын үй құрылысы, орта қабатты тұрғын үй құрылысы, жалпы білім беретін мектеп, мектепке дейінгі балалар мекемесі, мешіт, денсаулық сақтау объектісі, қоғамдық және әкімшілік объектілер, спорт объектісі.

    ·ЕТЖЖ аумағының жалпы ауданы – 154,0 га;

    ·Тұрғын үй қорының жалпы ауданы – 254,7 мың ш/м;

    ·Қоғамдық және коммерциялық ғимараттардың ауданы – 39,0 мың ш/м;

    ·Мектепке дейінгі балалар мекемелері – 910 орын (2 объект);

    ·Жалпы білім беретін мектеп – 1 200 оқушы орны (бір ауысымда).

    4. Астана қаласындағы Абай даңғылы мен А. Жұбанов және Циолковский көшелері ауданындағы аумақтың ЕТЖЖ әзірлеу

    ЕТЖЖ әзірлеу шеңберінде мынадай объектілер көзделген: көппәтерлі тұрғын үй кешендері, сауда орындары бар әкімшілік-ойын-сауық орталығы, балабақша, емхана, кеңселер, техникалық қызмет көрсету станциясы, сауда-ойын-сауық орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, әкімшілік ғимараттар.

    ·ЕТЖЖ аумағының жалпы ауданы – 29,6 га.

    5. Астана қаласындағы Абайдың 150 жылдығы және Бейбарыс Сұлтан көшелері ауданындағы ЕТЖЖ әзірлеу

    ЕТЖЖ әзірлеу шеңберінде мынадай объектілер көзделген: көпфункционалды тұрғын үй кешендері, көппәтерлі тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимарат, тұрмыстық қызмет көрсету үйі.

    Алдын ала дауыс беру нәтижелері бойынша жобалар қоғамдық талқылауға қатысушылардың басым көпшілігінің дауысымен қолдау тапты.

    Қоғамдық талқылаудың қорытындысы екі жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделіп, Басқарманың ресми сайтында жарияланады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ" жаңалықтары