Кезекті қоғамдық талқылау өтті

    1 / 7

    Бүгін Астана қаласында 3 егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын (ЕТЖЖ) әзірлеуге қатысты қоғамдық талқылау өтті.

    1. Астана қаласындағы Хұсейн бен Талал көшесі, Тұран даңғылы және Қабанбай батыр даңғылының қиылысы ауданындағы ЕТЖЖ әзірлеу.

    Аумақта жобаланатын объектілер: қонақүй кешені, бизнес-орталықтар, медициналық орталықтар, стационар, көпфункционалды кешен, сән үйі, ТҚ.

    ЕТЖЖ жалпы ауданы – 57,5 га

    2. Астана қаласындағы Ұлы дала даңғылы мен Ш. Айтматов көшесінің қиылысы ауданындағы ЕТЖЖ әзірлеу.

    Аумақта жобаланатын объектілер: көппәтерлі тұрғын үй кешендері.

    ·ЕТЖЖ аумағының жалпы ауданы – 11,5 га.

    Құрылыс компаниясы өкілінің айтуынша, аталған аумақта абаттандырылған аулалары, балалар және спорт алаңдары, ғимараттарға кіріктірілген мектепке дейінгі балалар мекемелері, сондай-ақ жалпы пайдалануға арналатын көгалдандырылған аумақтары бар заманауи тұрғын үйлер салу жоспарлануда.

    Сонымен қатар, жобада жолдар, тротуарлар, автотұрақ орындары және автобус аялдамалары қарастырылған.

    3.Астана қаласындағы Қорғалжын тас жолынан солтүстікке қарай, Есіл өзенінен оңтүстікке қарай орналасқан аумақтың ЕТЖЖ әзірлеу.

    ЕТЖЖ аумағында жобаланатын объектілер: автотұрағы бар көппәтерлі тұрғын үй кешендері, парк, мектептер, балабақшалар, СОО, емхана.

    ·Тұрғын үйлердің ауданы – 1 340 ш.м., қабаттылығы – 9-12 және 14-17 қабат.

    ·Үш жалпы білім беретін мектептің сыйымдылығы жалпы 2650 оқушыны құрайды.

    ·1 120 орындық 4 балабақша қарастырылған, сондай-ақ ғимараттарға кіріктірілген 570 орындық балабақша бар.

    ·Емхананың қуаттылығы – бір ауысымда 150 келуші.

    Алдын ала дауыс беру нәтижелері бойынша 3 жоба да қоғамдық талқылауға қатысушылардың қолдауына ие болды.

    Қоғамдық талқылаудың қорытындысы екі жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделіп, Басқарманың ресми сайтында жарияланады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ" жаңалықтары