Қарағандыда өткен каратэ турнирінде «Годан» клубының спортшылары 18 медаль иеленді

    1 / 3

    «Годан» клубының командасы Қарағанды қаласында өткен WKF каратэден жыл сайынғы ашық қалалық «Жаңа ұрпақ» турнирінде жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны 18 медальға ие болды.

    Жарыс барысында клуб тәрбиеленушілері ката және кумите бағдарламалары бойынша өз шеберліктерін, жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген жігерін танытты.

    Өз санаттарында Дааев Анзор мен Амангелді Нұрдәулет чемпион атанды. Сондай-ақ ката бағдарламасы бойынша Ануарбекова Диана үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Ал кумите сайысында Фараносова Варвара мен Лепехова София қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

    Турнирдің күміс және қола жүлдегерлері қатарында Беляев Арсентий, Шепаев Богдан, Германович Даниил, Самойленко Максим, Городецкий Роман, Маух Богдана және Лаптев Александр бар.

    Алда «Годан» клубының спортшыларын тағы бір маңызды жарыс күтіп тұр. Команданың келесі спорттық додасы Щучинск қаласында өтетін «BURABAY OPEN 2026» халықаралық турнирі болмақ.

    «Годан» клубының спортшыларын және жаттықтырушылар құрамын лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Саран қаласының ішкі саясат бөлімі" жаңалықтары