1 / 2
Саран қаласында Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты өзекті мәселелер қаралды.Отырыс барысында қатысушылар бейінді комиссияның есебін тыңдап, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарды талқылады. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға ерекше назар аударылды.Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында заң бұзушылықтардың анықталмағаны жөніндегі нәтижелер атап өтілді.Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелер жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.









