Басқарма басшысы жеке қабылдау өткізді

    1 / 3

    Басқарма басшысы Руслан Жақыпов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

    Қабылдау барысында Руслан Жақыпов тұрғын үйге жер учаскесін беру және жер учаскесін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі ретінде ресімдеу тәртібін түсіндірді.

    Тұрғын үйге жер учаскесін беру үшін қажетті құжаттар:

    ·eGov.kz электрондық порталы арқылы жер учаскесіне құқық беруге электрондық өтініш

    ·Жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат

    Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына жер учаскесін ресімдеу үшінқ ажетті құжаттар:

    - Белгіленген нысандағы электрондық өтініш.

    - Меншік иелерінің жалпы жиналысының хаттамасы.

    - Ортақ мүліктегі қатысушылар үлестерінің мөлшерін есептеу.

    Ақпарат үшін:Көппәтерлі тұрғын үйдің жанындағы жер учаскесі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына енгізіледі. Үйге іргелес аумақтың шекарасына ғимараттың қасбетінен немесе іргетасынан 5 метрге дейінгі радиустағы аумақ (немесе үйді пайдалану мен күтіп-ұстауға қажетті аумақ) кіреді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ" жаңалықтары