Қоғамдық талқылау өтеді

    1 / 3

    «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды:

    1) «Астана қаласындағы А 91, А 435, Хайретдин Болғанбаев және А 123 көшелері ауданындағы аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын» әзірлеу (жеке тұрғын үй (коттедж үлгісіндегі) құрылыс, таунхаус үлгісіндегі блокталған тұрғын үй құрылысы, орта қабатты тұрғын үй құрылысы, жалпы білім беретін мектеп, мектепке дейінгі балалар мекемесі, мешіт, денсаулық сақтау объектісі, қоғамдық және әкімшілік объектілер, спорт объектісі).

    Тапсырыс беруші «КИПРОС» ЖШС.

    2) «Астана қаласындағы Абай даңғылы, А. Жұбанов және Циолковский көшелері ауданындағы аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын» әзірлеу (көппәтерлі тұрғын үй кешендері, сауда орындары бар әкімшілік-ойын-сауық орталығы, балабақша, емхана, кеңселер, техникалық қызмет көрсету станциясы, сауда-ойын-сауық орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, әкімшілік ғимараттар).

    Тапсырыс беруші «Survivor Invest» ЖШС.

    3) «Астана қаласындағы Абайдың 150 жылдығы және Бейбарыс Сұлтан көшелері ауданындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын» әзірлеу (тұрмыстық қызмет көрсету үйі, көпфункционалды тұрғын үй кешендері, көппәтерлі тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимарат).

    Тапсырыс беруші «Tulpar Development» ЖШС.

    Қоғамдық талқылаулар 2026 жылғы 27 қарашада сағат 10:00-де Сарыарқа даңғылы, 13, 2 қабат мекенжайы бойынша өтеді.

    📧 Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде [email protected] электрондық мекенжайға немесе Астана қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қолма-қол қабылданады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ" жаңалықтары