«Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды:
- «Астана қаласындағы Е509 көшесі ауданындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын» әзірлеу
(Көппәтерлі тұрғын үй кешендері:)
Тапсырыс беруші: «SA-Green» ЖШС.
- «Астана қаласындағы Ә. Бөкейхан, Орынбор және Ақниет көшелері ауданындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын» әзірлеу
(Көпфункционалды тұрғын үй кешені; Көппәтерлі тұрғын үй кешені; Жалпы білім беретін мектеп).
Тапсырыс беруші: «NUR - AS - 2017» ЖШС.
Қоғамдық талқылаулар 2026 жылғы 25 қарашада, сағат 10:00-де Сарыарқа даңғылы, 13, 2 қабат (мәжіліс залы) мекенжайы бойынша өтеді.
📧 Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде [email protected] электрондық мекенжайға немесе Астана қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қолма-қол қабылданады.
⠀
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









