Тбилиси, 6 қараша – Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Грузияның Вице-премьер-министрі, Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвилимен кездесті.
Сұхбат барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы стратегиялық әріптестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар мен жоғары және аса жоғары деңгейлердегі байланыстар талқыланды.
Сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ білім және мәдениет салаларындағы байланыстарды нығайту, екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру мүмкіндіктері қарастырылды.
Көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды іс жүзінде жүзеге асыруға өзара мүдделілік расталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









