Ақмола полицейлері бір айда 820-дан астам проблемалық мекенжайды тексерді

    1 / 4

    Ақмола облысында "Қауіпсіз үй" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы қорытындыланды. Жаппай рейдтік тексерулер 5 қазанда басталып, бір айға созылды.
    Осы кезеңде полиция қызметкерлері, пробация қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылық өкілдерінен тұратын арнайы мобильді топтар 825 проблемалық мекен-жайды тексерді. Құқық қорғау органдарының назарында ерекше профилактикалық назар аударуды талап ететін азаматтар тұратын жеке үйлер мен пәтерлер болды.
    Рейдтер барысында полицейлер есепте тұрған 12 396 азаматпен жеке профилактикалық әңгіме өткізді. Олардың қатарында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, қадағалаудағы адамдар, отбасылық дебоширлер, соттылығы өтелмеген азаматтар, тұрмысы нашар отбасылардың өкілдері, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар бар.
    Тексеру нәтижелері бойынша Көкшетау, Степногорск, Ақкөл, Астрахан және Атбасар аудандарының бірқатар тұрғындарына қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату тоқтатылды.
    Көші-қон заңнамасының сақталуына ерекше көңіл бөлінді. Барлығы 197 бұзушылық анықталды, оның ішінде Қазақстан аумағында заңсыз болған 111 шетелдік азамат анықталды.
    Сонымен қатар, полицейлер азаматтық қаруды сақтау шарттарын тексерді. Анықталған бұзушылықтар үшін өңірдің 73 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Іс-шараның маңызды бөлігі халықпен жұмыс болды. Бір айда 7 мыңнан астам азамат консультациялық және құқықтық көмек алды. Полицейлер тұрғындармен кездесулер мен жиындар өткізіп, азаматтарды полиция пункттерінде қабылдады, сондай-ақ олардың тұрғылықты жеріне барды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары