Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданына жұмыс сапары аясында аудан тұрғындарымен кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау және өзге де өзекті мәселелерді көтерді. Азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын облыс әкіміне жеткізіп, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарын білдірді.
Облыс әкімі әрбір өтініш пен ұсынысты мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Тиісті бағыттар бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріп, азаматтардың өтініштерін қолданыстағы заң аясында жан-жақты қарауды және олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









